Экс-депутат пен бұрынғы вице-министр «Нұр Отаннан» шығарылды

Фотография - Экс-депутат пен бұрынғы вице-министр «Нұр Отаннан» шығарылды

18 қыркүйекте парламенттің бұрынғы депутаты Бақыт Сыздықова мен бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов Қазақстандағы билік партиясы "Нұр Отан" қатарынан шығарылды

156 0

18 қыркүйекте парламенттің бұрынғы депутаты Бақыт Сыздықова мен бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов Қазақстандағы билік партиясы "Нұр Отан" қатарынан шығарылды. Партия сайтында "мұндай шешім 18 қыркүйек күні болған партияның саяси кеңесі мен партия бақылауы комиссиясы отырысында қабылданды" деп жазылған. 

Депутаттың партиядан шығарылу себебі ретінде 2007 жылы Бақыт Сыздықова басқарған қоғамдық ұйымға көмек ретінде бөлінген қаражаттың қайтарылмауы көрсетілген. «Нұр Отан» ақпараты бойынша, үйкіметтік емес ұйым жеті миллион теңге алған. Қарыз өсіміне байланысты қазір ұйымның партияға борышы 15 миллион теңгеге жеткен. 

Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов «Нұр Отан» партиясынан «партия атына кір келтіргені үшін» шығарылған. 2013 жылы мамыр айында Шаяхметов коррупцияға қатысы бар күдікті ретінде тұтқындалған еді. Оған "Өскемен қаласындағы мектеп құрылысына бөлінген ақшаны ұрлады" деген айып тағылған. 

Партия сайтындағы мәліметтерге қарағанда, 2013 жылдың сегіз айында партия қатарынан 201 адам шығарылған. 

«Нұр Отаннан» шығарылған Бақыт Сыздықова Twitter-де «Мен есеңгіреп қалдым...» («Я в глубоком шоке..») деп жазды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!