Жаңадан тағайындалған БҒМ министрі ауыл мектебінде болды

Фотография - Жаңадан тағайындалған БҒМ министрі ауыл мектебінде болды

Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлайды.

136 0

Жаңадан тағайындалған Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов білім беру ұйымдарын аралауды ауыл мектебінен бастады. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов Қостанай облысындағы С. Фурманов атындағы мектепте болды. Мектеп және педагогтармен танысу барысында министрді қызықтырған ең басты сұрақ – ауыл мектептерінің сапалы білімге қол жетімділігі. Ведомство басшысы ауылдағы білім ордасының материалдық-техникалық базасы, жас мамандармен толығуы және ауылда интернет желісімен қамтылуы туралы сұрады»,-деп жазылған хабарламада.

Мектеп ұстаздарымен кездесу барысында министр ведомства жұмысының жаңа бағыттарын айтып өтті.

Сонымен қатар Білім және ғылым министрі ауыл жастарының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытында кәсіби және техникалық білім алу үшін мемлекеттік тапсырыстың артатынын және бастапқы кәсіби білімді тегін, яғни мемлекет есебінен алу мүмкіндігі туралы мәлімдеді.

Министрліктің жоғарғы білім беру жүйесінде мақсатты түрде ұсынысы ЖОО-ды автономды бөлу, академиялық өкілеттілігін арттыру, ЖОО-ның қаржылық және басқару қызметі, иновациялық бәсекелестікті дамыту болып табылады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!