TI: Қазақстан қорғаныс саласында коррупция қаупі жоғары

Фотография - TI: Қазақстан қорғаныс саласында коррупция қаупі жоғары

Transparency International халықаралық ұйымының жаңа зерттеуінде Қазақстанның қорғаныс саласында жемқорлық қаупі жоғары екені айтылды.

164 0

Transparency International халықаралық ұйымының жаңа зерттеуінде Қазақстанның қорғаныс саласында жемқорлық қаупі жоғары екені айтылды.

Ұйымның Government Defence Anti-Corruption Index зерттеуінде Қазақстан 2013 жылғы индексі бойынша "қорғаныс саласындағы коррупция мүмкіндігі жоғары" деп танылған Ресей, Сербия, Грузия, Греция, Кения, Ливия, Непал, Уганда, Түркия сияқты 17 елдің қатарында аталады.  

Зерттеуге әлемнің 82 мемлекеті қамтылған. Олар қорғаныс секторында коррупция мүмкіндігі "өте төмен" (Австралия, Германия, Норвегия, Ұлыбритания), "төмен" (Бразилия, Франция, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, АҚШ сияқты 12 ел), "орташа" (15 мемлекет), "жоғары", "өте жоғары" (Ауғанстан, Беларусь, Қытай, Пәкістан, Өзбекстан, Венесуэла сияқты 21 ел) және "қауіпті" (Алжир, Ангола, Египет, Иран, Ливия, Сирия сияқты 14 мемлекет) деп алтыға бөлінген.

Зерттеу 7 өлшем бойынша жасалған. Олар: сектор бюджетінің ашық талқылануы, сала бюджетінің құпия болмауы және ашықтығы, барлау қызметтерінің бюджетінің бақылануы, сыртқы аудит жасату жиілігі, қару-жабдық сатып алудың қадағалануы, бұл саланың дамуы туралы дискуссиялардың болуы. 

Баяндамада бұл елдердің үштен екісінің парламенті қорғаныс министрлігі мен қарулы күштерді жеткілікті дәрежеде бақылай алмайтыны айтылған.

Transparency International зерттеуге қамтылған елдердің қорғаныс секторындағы коррупция көлемі 20 миллиард АҚШ долларына жуық екенін айтады. 

Ұйымның мәлімдеуінше, "зерттеу парламенттік елдерден гөрі президенттік басқару жүйесі орнаған мемлекеттерде коррупцияның жоғары болатынын көрсеткен".


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!