Қазақстан Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеуге кірісті

Фотография - Қазақстан Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеуге кірісті

Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу шеңберінде Астанада «Экспортқа қолдау көрсету саласындағы әлемнің үздік тәжірибелерін қолдану» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өтті.

295 0

Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу шеңберінде Астанада «Экспортқа қолдау көрсету саласындағы әлемнің үздік тәжірибелерін қолдану» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өтті. Семинарды «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі ұйымдастырды, деп хабарлайды «Қазақстан 2050» Стратегиясы» сайты.

Оқыту семинары Халықаралық сауда орталығының (ХСО) шетелді кеңесшілерінің қатысуымен мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтың өкілдеріне арнап өткізілді. Сондай-ақ, семинар жұмысына Ұлттық экспорттық стратегияны (ҰЭС) әзірлеу бойынша сараптау жұмыс тобының өкілдері қатысты.

Оқытудың негізгі мақсаты – Қазақстанның Ұлттық экспорттық стратегиясын құру, дамыту және ары қарай ілгерілету бойынша мемлекеттік жобаның барлық қатысушылары үшін іргелі тұғырнаманы жасау.

Экспорттық стратегияларды қабылдаудың өзектілігі мен тиімділігін әлемдік тәжірибе растап отыр: бертін уақытта экономикалық даму деңгейі әртүрлі әлемнің 100-ге жуық елі стратегиялық экспорттық басқару жүйесін белсенді түрде енгізуде.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!