Қазақстанда адам құқықтарының сақталуына талдау жүргізілді

Фотография - Қазақстанда адам құқықтарының сақталуына талдау жүргізілді

Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның «2012 жылғы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы» және «Қазақстан Республикасындағы мигранттар құқықтарының ахуалы туралы» баяндамаларының халықаралық тұcаукесері өтті.

235 0

Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның «2012 жылғы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы» және «Қазақстан Республикасындағы мигранттар құқықтарының ахуалы туралы» баяндамаларының халықаралық тұcаукесері өтті.

«Жыл сайынғы жақсы дәстүрге айналған адам құқығына қатысты маңызды оқиғаға еліміздің үкіметтік емес ұйымдары мен мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың тікелей қызығушылығы да, қатынасы да бар. Адам құқығы – Қазақстанның басым бағыты, жоғары құндылығы. Қазақ халқы ежелден халықтық демократияны ұстанған, адамның құқықтары мен бостандықтарын жоғары құрметтеп, бұл тетіктерді ел басқарудағы үрдістерде, ішкі және сыртқы саясатта асқан шеберлікпен қолдана білген», - деді баяндамалардың тұсаукесерінде Елбасы жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан Республикасы адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, сақтау мен қорғауға міндеттеме алып, БҰҰ-ның құқыққа қатынасты 60-тан астам халықаралық келісімшарттарын ратификациялаған. Комиссия төрағасының айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда адам құқықтарын сақтау мен қорғаудың ұлттық жүйесі қалыптасты.

«Осы жүйенің маңызды құрамдас бөлігі болып саналатын Елбасы жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия еліміздегі адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктерін жетілдіре түсуде өз үлесін қосып келеді. Мемлекет басшысы мақұлдаған комиссия баяндамаларында Қазақстандағы адам құқықтарының, мұнымен қоса еңбек мигранттары құқықтарының сақталуына жан-жақты талдау жүргізіліп, ұлттық заңнама мен құқық қолдану практикасын халықаралық стандарттарға сәйкес одан әрі жетілдіруге қатысты нақты ұсынымдар берілген», - деп тоқталды Қ.Сұлтанов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!