Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 95 мың домен тіркелген

Фотография - Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 95 мың домен тіркелген

Бұл жайында бүгін Kazakhstan OnLike-2013 медиа-конгресі барысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев мәлімдеді.

276 0

Қазақ желілік ақпараттар орталығының мәліметінше, .KZ және .КАЗ домендерімен тіркелген домендердің саны бүгінгі таңда 95 мыңға жеткен. Бұл жайында бүгін Kazakhstan OnLike-2013 медиа-конгресі барысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев мәлімдеді.

Сондай-ақ, елімізде интернеттің қолдану аясы 60 пайызға жеткен.

"Қазақстанда қазір Жаңа медиа өзінің қалыптасу дәуірін бастан кешіп жатыр және бұл процестің жоғары жылдамдықпен жүріп жатқандығын да айта кету керек. Бұл өз кезегінде ұлттық ақпараттық кеңістіктің дамуына жағымды жағдай туғызатын болады. Біріншіден бұл ақпарат саласының жаһандануы, жаңа медиа дамыған сайын бүл үдеріс қарқыны үдеуде. Екіншіден, заңға қайшы контент таралуы артуда. Бұл жерде экстремизмді насихаттау, авторлық құқықтың бұзылуы сөз болып отыр» деді А.Қырықбаев.

Ол ҚР Президенті жанындағы ОКҚ қолдауымен министрлік соңғы кезде қолға алған басты бағыт – жаңа қазақтілді медианы дамыту жайын да атап өтті.

"Министрлік жанынан "Қазконтент" АҚ құрылған. Біз жаңа медиамен қатынас орнатып қана қоймай оны инвестициялаудамыз. Жаңа медианы мемлекет тарапынан қолдау өзін ақтады. Елімізде 2013 жылдан бері "Ақпараттық Қазақстан-2013" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ондағы тапсырмалардың бірі - Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамыту. Осының аясында 2013 жылы мемлекет қолдауымен 250 БАҚ интернетке өтті" деп мәлімдеді вице-министр.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін министрлік аталған көрсеткішті 400-ге дейін жеткізуді жоспарлап отырған көрінеді.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!