Бақыт Сыздықова Президентке хат жазды

Фотография - Бақыт Сыздықова Президентке хат жазды

 ҚР Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Бақыт Сыздықова Президентке ашық хат жолдамақ. Бұл туралы ол тілшілерге берген сұхбатында айтты.

1003 0

 ҚР Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Бақыт Сыздықова Президентке ашық хат жолдамақ. Бұл туралы ол тілшілерге берген сұхбатында айтты.

Сыздықованың айтуынша, ол «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазған. Хаттың мәтінін ол бүгін 15.30-да өтетін баспасөз мәслихатында оқып береді.

Естеріңізде болса, 18 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясы Бақыт Сыздықованы мүшеліктен шығарып тастаған болатын. Ашынған экс-депутат жиын өткізіп, партия төрағасына жазған хатын оқуды ойластырған. Оны партия қатарынан шығарудың өз себебі бар. 2008 жылы ол «Қазақстанның болашағы үшін» жастар ұйымын басқарып тұрған уақытта «Нұр Отан» партиясынан қарызға 7 млн. теңге алады. Қазір оның қарызы 15 млн. теңгеге жеткен. Алайда, Сыздықова айыппұл санкцияларын есепке алмай-ақ, 7 млн. теңгені қайтарса болды, дейді «Нұр Отандықтар».


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!