Қазақстан халықаралық ұйымдардың сынымен келіспейді

Фотография - Қазақстан халықаралық ұйымдардың сынымен келіспейді

Қазақстан туралы халықаралық ұйымдар дайындаған есептердің барлығы бірдей шындыққа сай бола бермейді. Бұл туралы бейсенбі күні Астанада Қазақстанның сыртққы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.

167 0

Қазақстан туралы халықаралық ұйымдар дайындаған есептердің барлығы бірдей шындыққа сай бола бермейді. Бұл туралы бейсенбі күні Астанада Қазақстанның сыртққы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.

«Барлығы да біздің еліміздегі жағдайға қатысты әзірлеген мониторингтер, баяндамалар, есептерін халықаралық ұйымдарға жөнелтеді. Яғни, олар бұл саладағы Қазақстан туралы қоғамның ой-пікірін қалыптастырады. Бірақ, біздің пікірімізше, аталған үкіметтік емес ұйымдардың, соның ішінде шетелдік үкіметтердің де есептерінің барлығы бірдей шындыққа сай келмейтіндігін атап өткім келеді. Олар тек ел әлі де жұмыс жүргізіп отырған проблемаларға ғана назар аударады әрі оны Қазақстанның саяси реформа жүргізуге құлықсыздық танып отырғандығын сипаттайтын дерек ретінде көрсетеді» деген ол.

Министр халықаралық ұйымдарды «мемлекет қол жеткізген көрнекті нәтижелерді байқамайды не болмаса ол жайында үнсіз қалғанды жөн көреді» деп сынады. Ол сонымен бірге «Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың тырысып бағуынан пайда да көріп отырғанын» атап өткен.

Ыдырысов қазіргі таңда жүздеген халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар Қазақстанның құқық қорғау секторымен серіктестік орнатып, гранттар негізінде Қазақстанның демократиялық дамуы саласында жұмыс істеп жатқанын айтты.

Халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар бұған дейін жариялаған баяндамаларында Қазақстанда адам құқығының жағдайы сақталмай отырғандығын сынға алған еді. Атап айтқанда, Қазақстанда азаматтардың діни еркіндігі мен діни азшылықтардың құқықтары бұзылатындығы, түрмедегі азаптау оқиғаларының жалғасып келе жатқаны, саяси оппозицияны қудалау және сөз бостандығына қысым жасау оқиғалары тиылмай келе жатқаны айтылған.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!