Бас мүфти: «Болмайды» деуге болмайды...

Фотография - Бас мүфти: «Болмайды» деуге болмайды...

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жаңа оқу жылының басталуына орай Алматыдағы Әбу Ханифа медресесінің шәкірттерімен кездесті

135 0

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жаңа оқу жылының басталуына орай Алматыдағы Әбу Ханифа медресесінің шәкірттерімен кездесті.

Болашақ имамдармен жүздесуде еліміздегі діни ахуал сөз болды. Бас мүфти оқу ордасының тәлімгерлеріне діннің кейбір нәзік тұстары мен пікірталас тудырып отырған жайттарын жан-жақты түсіндіріп, дәріс жүргізді. Ержан қажы Малғажыұлы діннің сенім, құқық салалары бойынша шәкірттердің сұрақтарына жауап берді - деп хабарлады ҚазАқпарат

«Сіздер - болашақ имамсыздар. Ертең халық өздерін толғандырған сұрақтарды қоя бастаған кезде сіздер нақты әрі сауатты жауап берулеріңіз қажет. Діни ағымдармен күрес жүргізу жұмыстарында да біліммен қарулану аса маңызды. Дін өкілі кез келген мәселе жайлы пікір айтқанда, бірден кесіп айтуына болмайды. «Мұныңыз дұрыс емес, болмайды» деп дүрсе қоя беруге де әсте болмайды. Әр нәрсені байыппен, байсалдылықпен, даналықпен, жан-жақты түсіндіре отырып, санасына жеткізуіміз ләзім. Ол үшін ілімді ықыласпен алуымыз қажет. Сабақтан басқа дүниелік істерге көңіл бөлмеген дұрыс. Егер пайдасыз, қажетсіз нәрсеге алаңдайтын болсақ, онда басқа білім қонбайды. Бүгінгідей мүмкіндікті пайдаланып, ұстаздардан көбірек ілім үйренуге ден қойыңыздар», - деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Еліміздегі ірі медреселердің бірі - Әбу Ханифаға биыл 30 шәкірт оқуға қабылданды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!