Бүгін Алматыда Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті сайланады

Фотография - Бүгін Алматыда Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті сайланады

Бүгін Алматыдағы «Ғылым ордасының» үлкен залында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жалпы отырысының сессиясы өтеді.

131 0

Бүгін Алматыдағы «Ғылым ордасының» үлкен залында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жалпы отырысының сессиясы өтеді.

Бұл туралы Академияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Сессияда ҚР ҰҒА президентін сайлау (қайта сайлау) және ҚР ҰҒА Президиумының жаңа құрамын сайлау өтеді. Отырыс шеңберінде «Ғылым және жоғары білім тарихымен бірге Қазақстан тарихы» тақырыбында «дөңгелек үстел-конференция» өтеді, онда еліміздің алдыңғы қатарлы ғалымдары Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерттеу жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жарияланған ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің баяндамасындағы ұлттық тарих мәселелерін талқыламақ.

Сессия барысында тек ұлттың тарихы мәселелері ғана емес, сонымен қатар еліміздің ғылымы және жоғары білімі тарихиның мәселелері де талқыланбақшы.

Ғылым академиясы Қазақстанды барлық халықаралық ғылыми қауымдастықтарда таныстыратын республиканың негізгі ғылыми орталығы болып табылады. Сондықтан оның жұмысына әрқашан Үкімет тарапынан көңіл бөлініп отырады, ҚР ҰҒА Жалпы отырысы сессиясының жұмысына екі мәрте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын.


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!