Президентке зиялы қауым өкілдерінен хат келді

Фотография - Президентке зиялы қауым өкілдерінен хат келді

Авторлар Елбасы саясатының арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын атап өткен.

231 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Оңтүстік Қазақстан облысының зиялы қауым өкілдерінен хат келді. Авторлар Елбасы саясатының арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын атап өткен.

Одан әрі хатта: «Қазақстан бүгінде әлемдік аренада беделді, абыройы жоғары мемлекеттер қатарына қосылды. Халық тұрмысының жақсаруы, экономиканың нығаюы және халықаралық қауымдастықтың бізбен санасуы – осының нақты дәлелі. Бұл – қазақстандықтар үшін зор қуаныш», – делінген.

Хат иелері Президент тапсырмасымен «Бейнеу-Бозой» халықаралық газ құбырының құрылысы жүргізілгеніне, мұның оңтүстік өңір тұрғындарының көгілдір отынға деген сұранысын толық шешетініне тоқталған.

Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері хат соңында: «Бұл жоба – Тәуелсіздіктің және Сіздің басшылығыңыздың арқасында елдегі әлеуметтік мәселелердің кешенді, ауқымды шешіліп отырғанының тағы бір айғағы. Қазақстанды көркейтудегі ерен еңбегіңіз үшін оңтүстікқазақстандықтар атынан зор алғыс айтамыз», – дейді.

Ұжымдық хатқа Социалистік Еңбек Ерлері Б.Шүкірбеков, Т.Ағабеков, жазушы М.Байғұт, Қазақстанның құрметті журналисі Б.Қонысбек, ОҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, ОҚО кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Д.Шерімқұлов, еңбек ардагері С.Барахова, т.б. қол қойған.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!