Қазақстан АТААҰ-ны басқаруы мүмкін

Фотография - Қазақстан АТААҰ-ны басқаруы мүмкін

Қазақстанның Азия және Тынық мұхиты елдерінің ақпараттық агенттіктер ұйымына басшылық етуге толық мүмкіндігі бар.

272 0

Қазақстанның Азия және Тынық мұхиты елдерінің ақпараттық агенттіктер ұйымына басшылық етуге толық мүмкіндігі бар.

Бұл туралы Мәскеуде өтіп жатқан аталған ұйымның бас ассамблеясының 15-отырысында айтылды. Ұйым мүшелігіне еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары да еніп отыр. Оның ішінде «Хабар» Агенттігі» АҚ да бар. Алқалы жиында жаһандану дәуіріндегі ақпарат құралдарының дамуы, қоғамдағы алатын орыны, аумақтардағы қалыптасқан мәселелердің ақпараттық нарыққа әсері сияқты тақырыптар қызу талқыға түсті.  Мәселен, ұйым президенті Кемал Өзтүрік Сириядағы қалыптасқан мәселенің шешілуіне, соғыстың тоқтауына ақпарат құралдарының тікелей ықпалы бар екендігін айтуда. Сондықтан ұйымның негізгі мақсаты – ақпарат алмастыруды жеңілдету, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру,  ұлтшылдыққа, отаршылдыққа қарсы күресуге бірлесіп шақыратын ақпараттарға ерекше мән. Осы орайда Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының аймақтағы алатын орны ерекшелігі де айтылды.

Виталий Игнатенко, АТААҰ вице-президенті:

- Бұл күндері қазақ елінің дауысы аймақта ерекше естіледі. Себебі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сан-саладағы, әсіресе, өзара ықпалдастық пен халықтар достығындағы тың бастамалары әлемде кеңінен таралуда. Бұл Қазақстанның ақпарат құралдары әлемге ақпарат таратуда жақсы қалыптасып отыр деп айта аламыз.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!