Мәжіліс Бюросы жалпы отырыста қаралатын мәселелерді белгіледі

Фотография - Мәжіліс Бюросы жалпы отырыста қаралатын мәселелерді белгіледі

Мәжіліс Бюросында Палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын мәселелері белгіленді, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметінен.

123 0

Мәжіліс Бюросында Палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын мәселелері белгіленді, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметінен.

Депутаттар қарауына қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі қазақстандық - люксембургтік үкіметаралық Конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылмақ.

Күн тәртібінің жобасына сондай-ақ, еңбек көші-қоны мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер (екінші оқылым) енгізіліп отыр.

Палатаға бірқатар ратификациялық заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау ұсынылған. Олар, айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін сырттан әкелінетін тауарларға кедендік баж мөлшерлемелерін қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы үкіметаралық келісімге қатысты болмақ.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!