Үш аудан елімізді күрішпен толықтай қамтамасыз етіп отыр

Фотография - Үш аудан елімізді күрішпен толықтай қамтамасыз етіп отыр

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев айтты.

106 0

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев айтты.

«Қызылорда облысының үш ауданы елімізді күрішпен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Күріш бағасының тұрақты болуына бұл жағдай әсер етері сөзсіз. Сондықтан біз күріш кластерін дамытуды қолға алдық. Күріш егетін диқандардың шаруашылығының 40 пайызын қазіргі уақытта мемлекет субсидиялауда»,- деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Қ.Көшербаев күріш тұқымын жетілдіре түсу үшін ғылыми институтта арнайы жұмыстар жүргізіп отырғанын жеткізді.

«Облыстағы халықтың 60 пайызы ауылдық жерде тұратынын ескерсек, шаруашылықтың бұл түрімен айналысу өте маңызды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әкімдердің алдына қойған міндеттерінде ауыл шаруашылығын дамытуды үнемі назарында ұстап келеді. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы Сыр өңірінде өз нәтижесін беруде» - деп мәлімдеді Қ.Көшербаев.

Айта кетейік, елімізді күрішпен қамтамасыз етуде облыстың Сырдария, Жалағаш және Шиелі аудандарының маңызы өте ерекше болып отыр.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!