Қызылордада IPhone және iPad шынылары шығарылмақ

Фотография - Қызылордада IPhone және iPad шынылары шығарылмақ

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

137 0

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

«Қызылорда облысында шыны зауытын салу жұмыстары қолға алынуда. Зауытты Қазақстан мен Қытайдың біріккен кәсіпорыны салатын болады. Жылына 175 мың тонна шыны өндіруді жоспарлап отырмыз. Шыны зауыты қарапайым терезелерге арналған шыныдан бастап IPhone және iPad шыныларын да өндіретін болады», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, аталған жоба өңірлердегі ірі кәсіпорындарды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның аясында салынғалы отыр. Зауыт 500-ге жуық жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Қызылорда облысының геологиялық жағдайы осынша көлемде шыны өндіруге мүмкіндік береді. Себебі, облыс еліміздегі шыны өнімінің шикізаты болып табылатын кварц құмына өте бай.


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!