2014 жылдың күзінде Қызылорданың жаңа халықаралық әуежайы пайдалануға беріледі

Фотография - 2014 жылдың күзінде Қызылорданың жаңа халықаралық әуежайы пайдалануға беріледі

 Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев айтты.

236 0

2014 жылдың күзінде Қызылорданың жаңа халықаралық әуежайы пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев айтты.

«Қызылорда әуежайының заманауи халықаралық терминалының құрылысы жоспарлануда. Біздің ұшу-қону жолағымыз жақсы, оны 3 жыл бұрын салған болатын. Қазір біз мұнай компанияларының әлеуметтік жобаларының қолдауымен техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледік. Қазіргі уақытта ТЭН мемлекеттік сараптамадан өтуде. Менің ойымша, келесі жылдың күзіне қарай халықаралық терминал салынатын болады», - деді өңір басшысы.

Қ.Көшербаевтың атап өтуінше, қазірдің өзінде ИКАО және ТМД-нің Мемлекетаралық авиациялық комитетімен әуежайға халықаралық мәртебе беру жайында келіссөздер жүргізілген.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!