Елімізде мемлекеттік қызметкерлер автокөліктеріне бақылау орнатылады

Фотография - Елімізде мемлекеттік қызметкерлер автокөліктеріне бақылау орнатылады

Мемлекеттік құрылымға қарасты автопарк GPS-навигаторлармен қамтамассыз етілмек, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттіктің басшысы Әлихан Байменов.

271 0

Мемлекеттік құрылымға қарасты автопарк GPS-навигаторлармен қамтамассыз етілмек, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттіктің басшысы Әлихан Байменов.

Бұл орталық және жергілікті маңызы бар VIP тұлғалардың 24 сағат бойы қозғалысын бақылап отыру үшін жасалмақ. Спутниктік жүйе назарына алдымен агенттіктің өздерінің көліктері түседі.


«Таңғысын қызметтік көліктердің мектептер мен балабақшалардың алдында, ал кешкісін мейрамхана мен тойханалар алдында топталып тұратынын байқаймыз. Бұл дегеніміз осы көлік иелерінің қызметтік этиканы бұзатындығын көрсетеді», - дейді Байменов.

Агенттік басшысының сөзіне қарағанда орталитражды бір көлікке, орташа бір маманның ақсынан көп ақша жұмсалады. Навигацияның GPS жүйесі шенеуніктердің қозғалысын тәулік бойы бақылап отырады.  Мұны агенттік өзінен бастайды – нақ осы ведомство тәжірибелік алаң болмақ.

Мұның алдында Қазақстан автомобилисттеріне жәрдемдесу қоғамының басшысы Руслан Лазута шенеуніктердің көліктеріне GPS навигаторлар орнату идеясын айтқан болатын. Алайда үдеріске мемлекеттік емес ұйымдар бақылау жүргізу керек, әйтпегенде барлық жұмыс өздерін өздері аңдыйтын көрсетпе жұмысқа айналмақ.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!