Мемлекет басшысы Қызылордада бірқатар жаңа нысандармен танысты

Фотография - Мемлекет басшысы Қызылордада бірқатар жаңа нысандармен танысты

Қызылорда облысында  жұмыс сапарымен жүрген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін облыс орталығында жаңадан салынған бірқатар нысандарды аралады

156 0

Қызылорда облысында  жұмыс сапарымен жүрген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін облыс орталығында жаңадан салынған бірқатар нысандарды аралады.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мемлекет басшысы алдымен «Мұз айдыны» спорттық- сауықтыру кешеніне аялдады. Жалпы аумағы 7985 шаршы метрді құрайтын кешен 3 бөліктен тұрады. Заман талабына сай салынған бұл мекен аймақта хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек секілді қысқы спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Онда мұз айдынынан бөлек, гандбол, волейбол, баскетбол, күрес және көркем гимнастика секциялары үшін жабдықтар мен залдар қарастырылған. Кешенде болған Президент екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин бастаған облыс спортшыларымен кездесті.

Елбасы бұдан кейін «Бастау» бизнес орталығында болды. Онда Нұрсұлтан Назарбаевқа сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық жолаушылар терминалының жобасы таныстырылды. Жалпы аумағы 9200 шаршы метр болатын жаңа әуежай халықаралық стандарттарға сәйкес салынып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы артады. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстарын 2014 жылдың күзіне дейін аяқтау көзделген. Бұл әуежайдағы ұшақтардың ұшып- қону алаңы 3 жыл бұрын қайта жаңғыртудан өтіп, халықаралық талаптарға сәйкестендірілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!