Елбасы Қазақстан, Ресей және Беларусь Үкіметтері басшыларын қабылдайды

Фотография - Елбасы Қазақстан, Ресей және Беларусь Үкіметтері басшыларын қабылдайды

Осы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан, Ресей және Беларус Үкіметтері басшыларын қабылдайды

114 0

Осы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан, Ресей және Беларус Үкіметтері басшыларын қабылдайды.

Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Ресми өкілдің айтуынша, 25 қыркүйекте Астанада Премьер-Министр Серік Ахметов Кедендік одақтың және Қазақстан, Ресей, Беларусьтің Бірыңғай экономикалық кеңістігінің жоғары органы болып табылатын Еуразиялық экономикалық кеңесінің жұмысына қатысады.

Сонымен қатар бұл отырыста Ресей Федерациясы Үкіметінің тарапынан Дмитрий Медведев, Беларусь Премьер-Министрі Михаил Мясникович келеді. Еуразиялық экономикалық кеңесі жиында тараптар Еуразиялық ықпалдастық, кедендік тарифті реттеу және экономикалық қарым-қатынастың басқа да өзекті мәселелерін талқылайды деп күтілуде.

«Бақылаушы мемлекеттер ретінде бұл отырыста Украина мен Қырғызстанның да Премьер-Министрлері шақырылды»,-деді А. Әбибулаев.

Оның сөзіне қарағанда 25 қыркүйекте Мемлекет басшысы Н. Назарбаев отырысқа қатысушы тараптарды, яғни Қазақстан, Ресей, Беларусь Үкіметтері басшыларын қабылдайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!