Елімізде 12,6 млн тонна астық жиналды

Фотография - Елімізде 12,6 млн тонна астық жиналды

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

123 0

Қазақстанда 21 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, 10,3 млн гектар егіс алқабындағы дәнді-дақылдар жиналып, 12,6 млн тонна көлемінде астық өндірілген. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

«21 қыркүйектегі жағдай бойынша, 10,3 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды. Ол жалпы көлемнің 65%-ын құрап отыр. 12,6 млн тонна астық өндірілді. Орташа өнімділік гектарына 12,2 центнерді құрады. Бұл өткен жылғы деңгейден 3,6 центнерге жоғары», - деді Мамытбеков.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Ақтөбе, Бастыс Қазақстан облыстарында астық өнімділігі республикалық деңгейден анағұрлым төмен екені байқалуда.

«Ондағы көрсеткіштер сәйкесінше гектарына 5,4 және 6,5 центнер болып отыр. Оған осы аумақтарда қуаңшылық орын алуы себеп болды. Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары жазғы бидай мен арпа жинауды толық аяқтады», - деп толықтырды министр.

 

bnews.kz cайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!