Ерлан Ыдырысов БҰҰ-ның 68-ші Бас Ассамблеясына қатысады

Фотография - Ерлан Ыдырысов БҰҰ-ның 68-ші Бас Ассамблеясына қатысады

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

91 0

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ-ның 68-ші Бас Ассамблеясына қатысады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

«24-28 қыркүйекте Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның 68-ші Бас Ассамблеясына қатысады. Сапар барысында Ерлан Ыдырысов жалпы дебаттарда сөз сөйлеп, бірқатар Сыртқы істер министрлерімен, сонымен қатар БҰҰ ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун мырзамен кездесу өткізуді көздеп отыр. Жалпы, Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясына қатыса отырып, 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болу мәселесін ілгерілетуге ынталы», - деді Әбибуллаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!