Серік АхметовЖЕЭК отырысына қатысады

Фотография - Серік АхметовЖЕЭК отырысына қатысады

25 қыркүйекте ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов Астанада өтетін Кедендік Одақтың және Қазақстан, Ресей, Белоруссияның Бірыңғай Экономикалық кеңістіктің жоғары органы – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің жұмысына қатысады

123 0

25 қыркүйекте ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов Астанада өтетін Кедендік Одақтың және Қазақстан, Ресей, Белоруссияның Бірыңғай Экономикалық кеңістіктің жоғары органы – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің жұмысына қатысады.

Жиынға РФ Үкімет басшысы Дмитрий Медведев және Беларусия Премьер-министрі Михаил Мясникович қатысады.

Еуразиялық Экономикалық Кеңес отырысында тараптар еуразиялық интеграция, кедендік-тарифтік реттеу және экономикалық әріптестіктің басқа да өзекті мәселелерін талқылайды. Отырысқа бақылаушы мемлекеттер ретінде Украина және Қырғыз үкіметтерінің басшылары да шақырылған - деп хабарлады  baq.kz

Сонымен қатар, 25 қыркүйекте Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отырысқа қатысушы тараптар Қазақстан Премьер-министрі Серік Ахметовті, Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен Беларусь Үкіметінің Премьер-министрі Михаил Мясниковичті қабылдайды.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!