"Нұр Отан" Сыздықова туралы мәлімдеме жасады

Фотография - "Нұр Отан" Сыздықова туралы мәлімдеме жасады

"Нұр Отан" партиясынан шығарылған экс-депутат Бақыт Сыздықова "қарыз ақшасын" қайтармай партияға қайта қабылданбайды деп мәлімдеді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

218 0

"Нұр Отан" партиясынан шығарылған экс-депутат Бақыт Сыздықова "қарыз ақшасын" қайтармай партияға қайта қабылданбайды деп мәлімдеді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Партияның Астана қалалық филиалының конференциясында сөйлеген Бауыржан Байбек "партия қаржысы тиімді және ашық түрде жұмсалуы тиіс" екенін айтты.

Бақыт Сыздықова 18 қыркүйекте партия қатарынан шығарылған еді. "Нұр Отан" басшылығы оның өзі басқарған қоғамдық қорға партиядан бөлінген 7 миллион теңгені қайтармағанын айтқан.

Бұған жауап ретінде Бақыт Сыздықова Астанада баспасөз жиынын өткізіп, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайға араласуды сұрап үндеу жасаған. Экс-депутат "Нұр Отанға" қарыз емес екенін, партиядан не үшін шығарылғанын түсінбейтінін айтқан.


Тегтер:

партия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!