Қазақстан жаңа астықтың 9,5 млн. тоннасын экспорттауы мүмкін

Фотография - Қазақстан жаңа астықтың 9,5 млн. тоннасын экспорттауы мүмкін

Қазақстан 9,5 млн. тонна астық экспорттауы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

213 0

Қазақстан 9,5 млн. тонна астық экспорттауы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Биылғы астықтың шығымдылығы бойынша түзетулер жасалғандығына тоқталған министр, оның көлемі 18,5 млн. тоннаға дейін болжанып отырғандығын жеткізді. «Осыны ескере отырып, экспорттық әлеует те сәйкесінше біршама артатын болады», - деді ол.

Осы орайда ол экспортқа болжанған көлемнің барлығын сатуға толық кепілдік жоқ екенін, яғни бұл тұрғыда сұраныс пен елімізден астықты дәстүрлі сатып алушылардың мүмкіндігіне байланысты екенін атап өтті.

«Мәселен, 2011 жылы біз бункерлік салмақта 30 млн. тоннаға жуық астық бастырдық, алайда 12,5 млн. тоннасын саттық. Ішкі қажеттілік 7-8 млн. тоннадан аспайды. Біздің жоспар бойынша экспорт деңгейі орташа көлемнен сәл жоғары болады, яғни 9-9,5 млн. тонна шамасында», - деп түйді А. Мамытбеков.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!