Қырғызстаннан заңсыз әкелінген көліктер тексерілуде

Фотография - Қырғызстаннан заңсыз әкелінген көліктер тексерілуде

Қырғыз елінен Қазақстанға заңсыз әкелінген көліктер елден шығарылады.

186 0

Қырғыз елінен Қазақстанға заңсыз әкелінген көліктер елден шығарылады.

Алматы облыстық көлік прокуратурасы, Кедендік бақылау дапартементі және Алматсы блыстық жол полициясы инспекторлары бірлесіп осындай көліктердің соңына түсті. Рейд барысында Қырғыз Республикасының мемлекеттік нөмірімен жүрген автокөліктердің құжаттары тексерілді. Нәтижесінде көлік иелері көрші елден көлікті уақытша сенімхатпен әкелетіні анықталды. Алайда оның уақыты әлдеқашан өтіп кеткен. Қазір көрші мемлекеттен тәулігіне 10 автокөлік жеткізіледі. Кедендік алым-салықты да төлемеген. Тіпті, кейбір көліктер жасанды құжатпен әкелінгендігі әшкереленді. Облыстық жол полициясы қызметкерлерінің айтуынша, жыл басынан бері 43 жол апатына Қырғызстаннан әкелінген көліктің себепкер болғаны дәлелденген. Ал оның салдарынан 11 адам көз жұмған. Жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлды да төлеуге асықпайды. Құзырлы органдар бірілесіп өткізген бірнеше сағаттық рейд барысында ҚырғызстананҚазақстанға заңсыз өткен 30 автокөлік айыптұрағына жіберелді. Аталған көліктер толық тексерілген соң, елде қалу-қалмау мәселесі шешіледі.

Дәулет Молдаханов, Алматы облыстық жол полициясы басқармасының штаб басшысы:

- Жол полициясы бақармасының қызметкерлері Қырғызстан Республикасынан әкелінген көлік иелерінің жол жүру ережесін бұзу фактісі бойынша 700-ден артық әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салған.

Серік Оразалы, Алматы облыстық кедендік бақылау департаментінің аға маманы:

- Қырғызстан азаматы Қазақстан аумағына автокөлікпен кірсе, азамат сол көлікпен өзі ғана жүру керек. Ал Қазақстан азаматына сенімхат арқылы тапсырып беру Қазақстан Республикасы Кедендік заңының 470-бабы бойынша заң бұзушылық болып есептеледі.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!