Қазақстан өзгерістерге дайын үздік 20 елдің қатарына енді

Фотография - Қазақстан өзгерістерге дайын үздік 20 елдің қатарына енді

деп хабарлайды ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметі

195 0

 Биыл Қазақстан өзгерістерге дайын үздік 20 елдің қатарынан көрінді. Бұл нәтижелер «2013 жылғы өзгерістерге дайындық индексі» зерттеуінің екінші жыл сайынғы есебінен алынды. Бұл индексті KPMG International компаниясы OxfordEconomics-пен бірлесіп жасайды, деп хабарлайды ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметі.

«2012 жылмен салыстырғанда, осы жылы индекске енген мемлекеттердің саны 50%-ге дейін өсіп, 90-ға жетті. Жоғары кіріс деңгейімен ерекшеленетін бес үздік елдің қатарына Сингапур, Швеция, Катар, Жаңа Зеландия және Германия еніп отыр. Тізімнің ең соңында Венесуэла, Конго Демократиялық Республикасы, Ауғанстан елдері тұр. Қазақстан Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея және тағы басқа дамыған елдермен иық тіресе 20-шы орынды иеленген. Табысы орташа деңгейді құрайтын топтың ішінде Қазақстан 27 елдің қатарында 4-ші орында тұр. Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан 2-ші орында»,- делінген хабарламада.

Аталмыш индекс әрбіреуі субиндекстен тұратын үш көрсеткішке (бизнеске арналған мүмкіншіліктер, үкіметке арналған мүмкіншіліктер, халық пен азаматтық қоғамға арналған мүмкіншіліктер) негізделген. Аталған зерттеулер әр елден шақыртылған 500-ге жуық сарапшылардың сұхбаттарынан, Бүкіләлемдік экономикалық форум, Бүкіләлемдік Банк, ЮНЕСКО және тағы басқа зерттеу көздерінен алынған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!