Мемлекет басшысы С.Нұрмағамбетовтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Фотография - Мемлекет басшысы С.Нұрмағамбетовтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы және Қазақстан Республикасының алғашқы қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

216 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы және Қазақстан Республикасының алғашқы қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Сағадат Қожахметұлының бүкіл өмірі мен қызметі өз Отаны мен халқына адал әрі беріле қызмет етудің үздік үлгісі екенін атап өткен.

«Жастық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келген ол майданда фашистік басқыншыларға қарсы ерлікпен шайқасты. Ерлігі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді.

Соғыстан кейінгі өмірін әскери қызметке арнап, мұнда да талантты сардар, тамаша қолбасшы ретінде танылды. Өзінің біліктілігі мен талапшылдығына қоса, қарапайымдылығымен және әділдігімен әріптестерінің арасында зор абырой мен беделге ие болды.

Ол ел тәуелсіздігінің бастапқы қиын-қыстау жылдарында Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі ретінде еліміздің Қарулы Күштерін қалыптастырып, нығайтуға өлшеусіз зор үлес қосты. Сол себепті оған Халық қаһарманы атағы берілгенін ерекше сезіммен еске аламын.

Халқымыз оның еңбегін ешқашан ұмытпайды, ал оның жарқын дидары біздің жадымызда әрдайым сақталады», – делінген жеделхатта.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!