Қазақстанда ыдырайтын пакеттер шығарылады

Фотография - Қазақстанда ыдырайтын пакеттер шығарылады

Бұл туралы бүгін «РИА Новости» баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында «Полимер Продакшн» ЖШС-ның бас директоры Ғабит Закария мәлімдеді.

389 0

Қазақстанда топыраққа түскен соң ыдырап кететін пакеттер шығарылады. Бұл туралы бүгін «РИА Новости» баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында «Полимер Продакшн» ЖШС-ның бас директоры Ғабит Закария мәлімдеді.

«Осы жылы Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалдық мұнай-химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында полимерлік өнімдер шығаратын зауыттың құрылысы басталды. 2014 жылдың екінші тоқсанынан бастап «Полимер Продакшн» ЖШС кәсіпорны қаптама ретінде қолданылатын полимерлік пленкалар шығара бастайды. Бұл өнімнің 60%-дан астамын полипропиленді пленка (ББПП) құрайды», - деді Ғ.Закария.

Оның айтуынша, пленканың мұндай түрі бүгінде шет елдерден импортталуда.

«Кең қолданылатынына қарамастан, пленканың мұндай түрі Қазақстанда шығарылмаған. ББПП азық-түлік өнімдерін, киім, гүл шоқтарын, сыйлықтар мен парфюмерия сынды заттарды қаптау үшін қолданылады. Бүгінгі күні мұндай пленка елімізге Түркия, Қытай, Ресей мен Ираннан жеткізілуде. Біз импортты қысқартып, елімізді отандық өніммен қамтамасыз етпекшіміз. Атап өту керек, зауыт іске қосылмай тұрып-ақ, дайын өнімді сату бойынша бірқатар келісім-шарт жасалып қойған», - деді «Полимер Продакшн» ЖШС-ның бас директоры Ғабит Закария.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!