Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Түркияға келді

Фотография - Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Түркияға келді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Анкараға келді

289 0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Анкараға келді.

«Бүгін Әділбек Жақсыбеков Анкарада Түркияның ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмазбен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты әскери және әскери-техникалық, сондай-ақ әскери білім саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басымдықтарын талқылады», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

«Қазақстан Қорғаныс министрлігі Түркия қорғаныс ведомствосымен және Қарулы Күштерімен арадағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамытуға барынша маңыз береді. Түркия - Қазақстанның қорғаныс саласындағы ынтымақтастық шеңберіндегі маңызды әріптестерінің бірі. Екі ел арасындағы әскери саладағы өзара іс-қимыл болашақта да сенімді әріптестік пен өзара тиімділік ұстанымында дами беретініне сенім білдіремін», -  деді Әділбек Жақсыбеков.

Түркия Қарулы Күштері Бас штабының бастығы армия генералы Неджет Өзелмен кездесу кезінде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Түркия Қарулы Күштерінің Солтүстік Атлантика одағы елдері ішіндегі тиімді әрі жауынгерлік қабілеті жоғары әскер екенін атап өтті. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Түркия тәжірибесін үйрену мен қолдану мақсатында ынтымақтасуға мүдделі.

«Қазақстан Президенті - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастыққа айрықша маңыз береді. Соның арқасында бүгінде біздің армия жемісті өзара іс-қимыл жасап отыр. Түркия Қарулы Күштері мен Бас штабы Қазақстан Қарулы Күштерінің алғашқы қалыптасуы мен дамуы кезеңінде алғашқылардің бірі болып жан-жақты қолдау көрсеткен. Бүгінде Қазақстан әскері әскери қауіпсіздіктің заманауи қатерлеріне қарсы тұрарлық әлеуетке ие. ҚР Қорғаныс министрлігінің негізгі басымдықтарының ішінде әскери білім беру жүйесін жетілдіру, армияны кәсібилендіру және техникалық жаңғырту мәселелері бар, осыған байланысты сіздердің тәжірибелеріңізді үйренуге және қолдануға мүдделіміз», - деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.

Сапар шеңберінде бүгін ҚР Қорғаныс министрі Түркия қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының ішіндегі жетекші компаниялардың бірі әскери-электронды өнеркәсіптің көшбасшы «Асельсан», сондай-ақ ұшу құралдарының жаңа жүйесін жаңғыртудың, модификациялаудың және интеграциялаудың негізгі орындаушысы «ТАЙ» компанияларында болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!