Н.Назарбаевтың атына «Uniao Planetaria» медиахолдингісінің президенті У.Риедельден хат келді

Фотография - Н.Назарбаевтың атына «Uniao Planetaria» медиахолдингісінің президенті У.Риедельден хат келді

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Uniao Planetaria» медиахолдингісінің президенті, «TV Supren» телеарнасының бас директоры Улиссес Риедельден хат келді

245 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Uniao Planetaria» медиахолдингісінің президенті, «TV Supren» телеарнасының бас директоры Улиссес Риедельден хат келді.

«Бірыңғай ғаламшар» қоғамдық бірлестігіне де жетекшілік ететін У.Риедель өз хатында 2013 жылдың 29 тамызында Қазақстанның Бразилиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен бүкіл әлем бойынша ядролық сынақтардың құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу рәсіміне қатысқаны туралы мәлімдеген.

«Осы орайда, Сізді «АТОМ жобасы» жұмысының табысты жүргізілуімен, сондай-ақ өз еліңіздің аумағында ядролық қаруды сынауды толық тоқтатуға бағытталған ақылды іс-әрекетіңіз үшін шын жүректен құттықтаймын», – делінген хатта.

Автор ядролық қарусыздануға қол жеткізуге бағытталған мұндай науқанның аса маңызды екенін де атап өткен. У.Риедель мемлекеттердің, халықтардың және нәсілдердің бірлігін нығайту арқылы әлемдік, бауырластық және ынтымақтастық өркениеттің моделіне ие болатынымызға тоқталған - деп хабарлады baq.kz

Хат соңында У.Риедель Мемлекет басшысына «Бірыңғай ғаламшар» бірлестігінің ақпараттарды тарату және бүкіл әлемде ядролық қаруды жою ісінде өзге де көмегін көрсетуге жан-жақты атсалысуға дайын екендіктерін жеткізген


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!