Халықаралық бизнес академиясы 2020 жылы оқытушы-профессорлар құрамындағы шетелдіктердің үлесін 20 пайыздан асырмақ

Фотография - Халықаралық бизнес академиясы 2020 жылы оқытушы-профессорлар құрамындағы шетелдіктердің үлесін 20 пайыздан асырмақ

Халықаралық бизнес академиясы әлемдегі жетекші 200 бизнес мектептің қатарына енді. Оны университет ректоры Тахир Балықбаев бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді

128 0

Халықаралық бизнес академиясы әлемдегі жетекші 200 бизнес мектептің қатарына енді. Оны университет ректоры Тахир Балықбаев бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Біздің академияға 10 қыркүйекте Лондондағы МВА қауымдастығының аккредитациялық комитпеті МВА бағдарламалары бойынша АМВА (Association of MBA's, UK, London)» аккредитациясын ресми түрде берді. Ол бизнес-білім саласындағы ең беделді 3 халықаралық аккредитацияның бірі саналады. Біз оған оған Орталық Азия аумағында бірінші болып қол жеткізіп отырмыз. Ол бізге әлемдегі 200 жетекші бизнес мектептің қатарына кіруге және бизнес-білім нарығына енуге мүмкіндік беріп отыр», - дейді педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т. Балықбаев. Тахир Оспанұлының сөзіне қарағанда, бұл - Қазақстанның білім беру жүйесі үшін де үлкен мәртебе. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың жарқын үлгісі. Қазіргі таңда оқу орны оқытушыларының 30 пайызы ағылшын тілінде дәріс береді. Ал бакалавратурадағы тыңдаушылардың 10 пайызы дәрісті ағылшын тілінде алады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Бізде оқытушылардың жалақысына ғылыми дәрежелерінен бөлек, тіл білгеніне және жеке жетістіктерінің көрсеткішіне қарай қосымша төлемдер жасалады. Сондай-ақ ғылыми конференцияларға қатысуына, онда баяндамалар жасауына және басылымдарда ғылыми мақалалар жариялауына арнайы қаржы бөлінген. Бұдан бөлек, белгілі бір деңгейде шет тілін үйренуі үшін оқыту курстары жұмыс жасайды. Енді ғылыммен айналысқандарына өз ішімізден әр түрлі жобалар жасап беріп жатырмыз», - деген академия ректоры 2020 жылға қарай шетелдік оқытушылар үлесін 20 пайыздан асыруды жоспарлап отырғандарын жеткізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!