Ұлттық тарихты зерделеу бойынша жұмыс тобының III отырысы басталды

Фотография - Ұлттық тарихты зерделеу бойынша жұмыс тобының III отырысы басталды

Астанада ҚР Мемлекеттік хашысы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының III отырысы басталды

171 0

Астанада ҚР Мемлекеттік хашысы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының III отырысы басталды.

Марат Тәжин, ең алдымен, алғашқы отырыстан кейін ұлттық тарихты зерделеу бойынша алға қойылған міндеттердің қалай орындалып жатқанына тоқталды.

«Жас тарихшылар қауымдастығы құрылды. Жоғары оқу орындарында білімді кадрларды және тарих мамандары бойынша доктарларды даярлауға қажетті мемлекеттік тапсырыс көлемі едәуір артты.Ұлттық тарихтың өзекті мәселелеріне арналған «Мәңгі ел» тарихи көпшілік журналының алғашқы саны дайындалды. Бұл журнал ғылыми қауымдастық пен қоғам арасын өзара байланыстыратын ақпараттық көпірге айналатын болады», - деді Мемлекеттік хатшы.

Оның айтуынша, шетел мұрағаттарын зерделеу жөніндегі қажырлы жұмыс жалғасын табуда. Ғалымдардың алғашқы тобы Ресей, Қытай, Иран, Ұлыбритания және Түркия елдерінде болып қайтты. Аталған зерттеулердің қорытындысы бойынша он алтыншы- жиырмасыншы ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша едәуір мұрағат құжаттары жиналды - деп хабарлады  bnews.kz

«Қазіргі уақытта бұл материалдар мұқият зерделенуде. Осылайша біз алға қойған мақсатымыздың оң нәтиже бере бастағанын қанағатпен айта аламыз. Бірақ жұмыс қарқынын төмендетіп алуға болмайды. Алғашқы табыстарымыз бізге жұмысты одан әрі жандандыра түсуге серпін беруге тиіс», - деді Марат Тәжин.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!