АҚШ азаматтары елімізден 6600 бала асырап алған

Фотография - АҚШ азаматтары елімізден 6600 бала асырап алған

Қазақстандық балаларды АҚШ азаматтарының асырап алу мәселесін талқылау үшін АҚШ Мемлекеттік департаментінің балалар мәселелері жөніндегі арнайы кеңесші Сьюзен Джейкобс елімізге арнайы келді.

169 0

Қазақстандық балаларды АҚШ азаматтарының асырап алу мәселесін талқылау үшін АҚШ Мемлекеттік департаментінің балалар мәселелері жөніндегі арнайы кеңесші Сьюзен Джейкобс елімізге арнайы келді.

Дипломат ҚР Білім және ғылым министірлігі Балалар құқығын қорғау комитеті, ҚР Сыртқы істер министірлігі және Адам құқықтары жөніндегі бюроның өкілдерімен кездесті. Сьюзен Джейкобс біздің тілшімізге берген сұхбатында Қазақстан мен АҚШ бала асырап алу жөнінде ортақ жұмыс тобын құратындығын мәлім етті. Бірінші кездесу биыл қарашада Вашингтонда өтеді. АҚШ-та қараша ұлттық бала асырап алу айы болып белгіленген. Сьюзен Джейкобс бұл кездесуден кейін  қазақстандық балаларды АҚШ азаматтарының асырап алуы қайта жанданады деген үмітте. АҚШ азаматтары өткен жылы шетелден 9 мыңдай жетім баланы асырап алған. Ал Қазақстаннан асырап алған баланың жалпы саны қазір 6600-ге жеткен.

Сьюзен Джейкобс, АҚШ Мемлекеттік департаментінің балалар мәселелері жөніндегі арнайы кеңесші:

- Бала асырап алған отбасыларда өкінішті жағдайлардың алдын алу үшін АҚШ-та өзімздің жұмыс тобын құрдық. Балалардың құқығын қорғау жөніндегі үкіметтік қызметтер мен агенттіктерімен бірге жұмыс жасаймыз. Келесі аптада алғашқы кездесуіміз өтеді. Онда балаларды қорғайтын жаңа заң немесе заңға толықтырулар енгізу мәселесін талқылаймыз. Кейбір ата-аналарға біздің көмек қажет.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!