Қазақстандықтардың үш пайызы мүгедек

Фотография - Қазақстандықтардың үш пайызы мүгедек

«Қазақстанда барлық тұрғындардың 3 пайызға жуығы мүгедектер

132 0

«Қазақстанда барлық тұрғындардың 3 пайызға жуығы мүгедектер. «Сондықтан еліміздегі әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі – мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыру», – деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова.

«Бізде әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі жасалған, мемлекет кепілдендірген арнайы әлеуметтік қызметтердің тізімі белгіленген, мүгедек азаматтарға көрсетілетін қызметтер мен оларды ортаға бейімдеу құралдарымен қамтамасыз ету стандарттары жасалып, кезең-кезеңімен іске асырылып келе жатыр. ҚР-ның «ҚР мүгедектерін әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес ел Үкіметі жанынан Үйлестіру кеңесі құрылып, қызмет атқарып келеді», - деп атап өтті С. Жақыпова «Мүгедектерді Халықаралық қызмет классификациялары (ХҚК) қарарларын ескере отырып ортаға бейімдеу және медициналық-әлеуметтік сараптаманың ұйымдастырушылық-құқықтық және әдістемелік негіздері» атты халықаралық конференцияда.

Оның айтуынша, құрамына мүдделі меморгандар мен 16 мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және үкіметтік емес ұйымдар кіретін аталмыш Кеңес – консультативтік-кеңес беруші орган болып табылады. «Мүгедектік мәселесінің маңыздылығы мен мүгедектерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру мәселелері аталған проблеманың ауқымдылығына байланысты. БҰҰ сарапшыларының мәліметінше, әлемдегі мүгедектердің саны Жер шарын мекендейтін барлық адамзат баласының 15 пайызынан асып түседі. Қазақстанда бұл көрсеткіш 3 пайыз шамасында», - дейді вице-министр


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!