Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, жел тұрады

Фотография - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, жел тұрады

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел тұрады. Кейбір аудандарда күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

216 0

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел тұрады. Кейбір аудандарда күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз жел 23 м/с дейін жетеді.

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Алматы, Атырау, Павлодар облыстарында жел 15-22 м/с дейін күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!