Үш қазақстандық дипломат жақын арада Рим прокуратурасына жауап алуға шақыртылады

Фотография - Үш қазақстандық дипломат жақын арада Рим прокуратурасына жауап алуға шақыртылады

Рим прокуратурасы БТА банкі дирекорлар кеңесінің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаеваны экстрадициялау туралы іске қатысы бар болуы мүмкін деген үш қазақстанық дипломатқа қатысты тергеу ісін қозғады

238 0

Рим прокуратурасы БТА банкі дирекорлар кеңесінің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаеваны экстрадициялау туралы іске қатысы бар болуы мүмкін деген үш қазақстанық дипломатқа қатысты тергеу ісін қозғады.

Басылымның мәліметтерінше тергеу амалдарына Қазақстанның  Италиядағы елшісі Андриан Елемесов, елшіліктің саяси мәселелері жөніндегі кеңесшісі Нұрлан Хасен және консулдық мәселелер жөніндегі атташе Ержан Есіркепов тартылған. Үш дипломат жақын арада прокуратураға жауап алуға шақыртылуы мүмкін - деп хабарлады  newskaz.kz

Бұрын Әблязовтың туыстары, олардың пікірінше, Италиядан белгілі кәсіпкердің әйелі Алма Шалабаеваның заңсыз депортациясына жол беріп, іс жүзінде алты жасар қызы Алуаны «ұрлауды ұйымдастырған» үш қазақстанық дипломаттан дипломатиялық иммунитетті алып тастауды талап еткен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!