Атырау облысы әкімдігінде жаппай ауыс-түйіс жасаған жоқпын

Фотография - Атырау облысы әкімдігінде жаппай ауыс-түйіс жасаған жоқпын

Атырау облысында 15 нысан бойынша қаржыны артық төлеуге жол берілген

252 0

Атырау облысында 15 нысан бойынша қаржыны артық төлеуге жол берілген.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті.

«Атырау облысы әкімдігінде «командалық ауысу» болды ма?» деген сауалға өңір басшысы: «Атап айтқанда маған дейін қызметте жүргендерге қатысты ауыс-түйіс болған жоқ. Алайда, құқық қорғау органдарының әрекеттеріне байланысты кейбір адамдар жауапқа тартылуда»,-деді.

«Біріншіден, бұрынғы әкім кеткеннен кейін мен ондағы жағдайды түзеп жатырмын деп айтуға қарсымын. Жалпы мен кез келген жерге қызметке барғанда, кеткен әкімдер жайында «артынан топырақ шашудың реті жоқ» дегенді бірден айтамын. Әрине, жұмыс болғаннан кейін кейбір кемшіліктер болуы мүмкін, өйткені пендеміз. Сондықтан менің алдымдағы әкімдердің атқарған жұмыстары өте көп, ал мен сол жұмыстарды жалғастырып жатырмын»,-деді.

Сонымен қатар өңір басшысы өзі қызметке келгеннен кейін түрлі себептермен 45 нысанның құрылысы уақытша тоқтатылғанын жеткізді. Олардың 15-і бойынша қаржыны артық төлеуге жол берілген. «Осыған байланысты тексерулер жүргізуге мәжбүр болдық, бірінші кезекте жобалау-сметалық құжаттар бойынша. Бүгінде осы бағытта барлығын ретке келтірдік. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылған 10 нысан бойынша қаржыны артық төлеу көлемі 3 млрд. 100 млн. теңгені құрады. Ал республикалық бюджеттен қаржы бөлінген 5 нысанға артық төлеу 6 млрд. 800 млн. теңгені қамтыды. Жалпы қаржыны асыра төлеу 9 млрд. 900 млн. теңгеге жетті», деді әкім.

Бұның алдында хабарланғанындай, тамыздың басында Атырауда бұрынғы облыс әкімі Бергей Рысқалиев құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қылмыстық іс материалдарымен таныстыру үдерісі басталды. Б. Рысқалиев басқарған қылмыстық топтың іс-әрекеттерінен мемлекеттік бюджетке 71 млрд. теңгеден астам залал келтірілген. Тергеу барысында бюджетке 23,4 млрд. теңге қайтарылды. Тамыз айында Швейцария банктерінде Рысқалиевтерге тиесілі 100 млн. еуро банк шоты анықталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!