Мәжіліс төрағасы Люксембургтің Қазақстандағы Елшісін қабылдады

Фотография - Мәжіліс төрағасы Люксембургтің Қазақстандағы Елшісін қабылдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Люксембург Ұлы Герцогтігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пьера Феррингті қабылдады

176 0

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Люксембург Ұлы Герцогтігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пьера Феррингті қабылдады.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында тараптар, қазақстандық-люксембургтік әріптестікке қатысты көптеген мәселелерді талқылады.

Палата төрағасының атап өткеніндей, Қазақстан Президенті мен Ұлы Герцогтігінің жетекшісі арасындағы қол жеткізілген келісімдер қос ел қарым-қатынасының тұрақты дамуына негіз болып отыр.

Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин Люксембургтік жаңа технологиялар мен инновацияларды энергетика мен медицина салаларында тиімді пайдалану, екі ел ынтымақтастығының әлеуетін күшейте түсетінін баса айтты.

Әсіресе, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі қарсаңында маңыздылығы арта түспек.

Тараптар парламентаралық әріптестікті нығайту мүмкіндіктерін де назардан тыс қалдырмады.

Мәжіліс спикері депутаттық корпустың барлық күш-жігері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясында жүктелген міндеттерді заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталатынын атап өтті.

Мәртебелі мейман өз кезегінде Қазақстанның соңғы уақыттардағы қарқынды дамуын тілге тиек ете отырып, Люксембург мемлекетінің барлық салада әріптестікті кеңейтуге ынталы екенін және парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтатынын жеткізді.

Ал, халықаралық мәселелерге келгенде, кездесу иелері барлық мемлекеттердің халықаралық лаңкестік пен басқа да ғаламдық қатерлерге қарсы күш біріктіруі жөнінде әңгіме өрбітті.

Мәжіліс төрағасы Қазақстан мен Люксембургтің Ауғанстан қауіпсіздігіне байланысты халықаралық күш-жігерге қолдау көрсету аясында да өзара ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға сенім білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!