Алматыда Қазақстан мен Қырғызстан төтенше жағдайлар министрліктерінің бірлескен отырысы өтті

Фотография - Алматыда Қазақстан мен Қырғызстан төтенше жағдайлар министрліктерінің бірлескен отырысы өтті

2013 жылғы 26-27 қыркүйек аралығында Алматы облысының Талғар ауданында Қазақстан Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божко мен Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрі К.А. Бороновтың төрағалығымен екі ел төтенше жағдайлар министрліктерінің үшінші бірлескен алқа отырысы өтті

170 0

2013 жылғы 26-27 қыркүйек аралығында Алматы облысының Талғар ауданында Қазақстан Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божко мен Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрі К.А. Бороновтың төрағалығымен екі ел төтенше жағдайлар министрліктерінің үшінші бірлескен алқа отырысы өтті.

Отырысқа алқа мүшелері, төтенше жағдайлар министрліктерінің басшылары мен қызметкерлері, екі елдегі іргелес облыстардың жергілікті атқарушы органдары қатысты.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғызстан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтық қорғаныс (қорғау), төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру шеңберінде екі елдегі төтенше жағдайлар министрліктерінің бірлескен отырыстарын өткізу 2009 жылдан басталды.

Бірлескен алқа отырысын өткізу барысында екінші бірлескен отырыс шешімдерінің орындалуы талқыланды. Тараптар селдердің, көшкіндердің, сырғымалардың алдын алу саласында, ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласында тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу жөніндегі мәселелерді қарады. Іргелес жатқан аудандарда бірлескен апаттық-құтқару және іздеу жұмыстарын жүргізу, құтқарушы-сүңгуірлерді даярлау, екі елдегі ТЖМ психологиялық қызметінің төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарға шұғыл психологиялық көмек көрсету жөніндегі қызметі кезіндегі өзара іс-әрекет мәселелері бойынша сөз қозғалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ТЖМ мен Қырғызстан Республикасы ТЖМ бірлескен үшінші алқа отырысының хаттамасына қол қойылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!