ҚР Президенті Монако Үкіметінің басшысымен кездесті

Фотография - ҚР Президенті Монако Үкіметінің басшысымен кездесті

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Монако Князьдігіне ресми сапары шеңберінде Князьдіктің мемлекеттік министрі (Үкімет басшысы) Мишель Рожемен келіссөздер жүргізді

234 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Монако Князьдігіне ресми сапары шеңберінде Князьдіктің мемлекеттік министрі (Үкімет басшысы) Мишель Рожемен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында тараптар екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылады.

Монаконың мемлекеттік министрі Францияның азаматы болып табылатынын және Монако Князі ретінде Француз үкіметінің ұсынуымен 3 жылға бекітілетінін атап айтқан жөн. Ол елдің консультативтік органы - Корона Кеңесінде шешуші дауысқа ие.

Мемлекеттік қаржы, заң шығару және апелляцияны, мемлекеттік аппарат және баспасөз орталығы кадрларын жалпы бақылау қызметтері оған тікелей бағынады.

Князьдіктің мемлекеттік министрі Мишель Роже Францияның (Пуатье қаласы) азаматы және тумасы болып табылады. Әр кезеңде Францияның министрлер кабинетінде түрлі қызметтер атқарды. 2007 жылдан 2010 жылға дейін Монако жоғарғы сотының титулды мүшесі. 2010 жылдан бастап - Князьдік Үкімет басшысы.

ҚазАқпарат бұрын хабарлағандай, 27-28 қыркүйекте Монакоға Альбер II Князьдің шақыруымен екі жақты қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ресми сапармен болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!