Бас мүфти сапары: Жамбылдағы жылы жүздесулер

Фотография - Бас мүфти сапары: Жамбылдағы жылы жүздесулер

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет Жамбыл жұртымен жүздесті

129 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет Жамбыл жұртымен жүздесті.

Жібек Жолының бойында орналасқан қалалардың бірі, Орта ғасырларда «Тараз» деген атауымен әйгілі болған шаһарды төрткүл дүние біледі. Көне қала «Әулие ата» деп аталып келіп, 1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Жамбыл облысының орталығы Тараз деген атауы қалаға қайтарылған болатын. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл топырақта сөз бастар шешен, ел бастар көсемдер дүниеге келген. Тарази деп аталатын ғұламалардың шоғыры да осы мекеннен түлеп ұшқанына дәлел жазба жәдігерлеріміз куә. Осындай киелі мекенге арнайы сапармен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет келіп, Жамбыл жұртымен қауышты.

Тұңғыш сапарлап келетінін естіген жұрт елеңдеп, Бас мүфтиге сәлем берсек, амандасып қауышсақ деген халықтың ықыласы шексіз болды.

Әуелі асыл дініміздің жанашыры, ел тізгінін қолына ұстап, татулық береке- бірлікке шақырып, әрдайым дін қызметкерлеріне оң көзқарас танытып, имамдарға қолдау көрсетіп отыратын облыстың әкімі Қанат Бозымбаевтың қабылдауында болып, өңірдегі діни ахуалдар төңірегінде аз-кем сыр бөлісті. Осы кездесуде, Бас мүфтидің өңірдегі имамдардың хал-жағдайын да айтып қалды. Бас мүфти ақ сәлемін арда жұртқа көгілдір экран арқылы жеткізуді жөн көріп, «Қазақстан-Тараз» телеарнасы «Сыр - перне» бағдарламасында қонақта болды. Аталмыш телеарнаның директоры Мейрамбек Төлепбергеннің жүргізуінде сұхбаттасып, кешегі мен бүгінгі туралы, асыл дініміздің құндылықтары төңірегінде сыр бөлісіп, халыққа алда келе жатқан ұлық мереке Құрбан айт құтты болсын айтты. Бас Мүфти осы сапарында өңірдегі жаңа мешіттің ашылуына қатысты, бірнеше нысандарды аралады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!