Мемлекеттің үлесі бар банктерді жауып тастау керек

Фотография - Мемлекеттің үлесі бар банктерді жауып тастау керек

 «Мемлекеттің үлесі бар банктерді жауып тастау керек». ҚР мәжіліс депутаты Екатерина Никитинская ҚР ЭБЖМ-нің мемлекеттің үлесі бар банктерге салық төлеу бойынша жеңілдік берейік деген ұсынысына осылайша қарсылық білдірді

144 0


«Мемлекеттің үлесі бар банктерді жауып тастау керек». ҚР мәжіліс депутаты Екатерина Никитинская ҚР ЭБЖМ-нің мемлекеттің үлесі бар банктерге салық төлеу бойынша жеңілдік берейік деген ұсынысына осылайша қарсылық білдірді.

   Мәжіліс депутатының айтуынша, мемлекет өзінің үлесі бар қаржылық орталықтарына 3 жыл қатарынан көмектесіп келеді. Енді оларды тағы да 10 жылға корпоративтік табыс салығынан босату қисынсыз.

«Мұндай жеңілдіктерді ҚР ЭБЖМ «Салық» кодексіне енгізілетін өзгертулерге сәйкес сұрап отыр. Біз банктерді алаламауымыз керек. Олар құқықтық жағынан тең жағдайда жұмыс істеу керек», - деді Екатерина Никитинская.

«Сондай-ақ, банктерді салықтың бұл түрінен он жылға босатқанша банкрот деп жауып тастаған жөн. Себебі, олар төлемеген салықты өзгелер өтейтін болады», - деп Мәжіліс депутаты Екатерина Никитинская өз ойын қорытындылады - деп хабарлады  baq.kz

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!