Апаттан кейінгі алғашқы "Протон-М" ұшырылды

Фотография - Апаттан кейінгі алғашқы "Протон-М" ұшырылды

30 қыркүйекке қараған түні сағат 1-ден 38 минут өткенде Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды. Зымыран тасығышы ғарышқа Astra 2E деп аталатын еуропалық байланыс спутнигін алып ұшты

120 0

30 қыркүйекке қараған түні сағат 1-ден 38 минут өткенде Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды. Зымыран тасығышы ғарышқа Astra 2E деп аталатын еуропалық байланыс спутнигін алып ұшты.

Байланыс спутнигі орбитаға бүгін күндізгі сағат 10-нан 50 минут өткенде шығарылады деп жоспарланған.

Бұған дейін, 2 шілдеде ресейлік үш "Глонасс-М" аппаратын тиеген "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат кезінде ғарыш айлағы маңы зымыран тасығыштың бірнеше жүз тонна улы отыны – гептилмен ластанған - деп хабарлады azattyq.org

29 қыркүйекте Орал қаласында "Абырой" үкіметтік емес ұйымының белсенділері Байқоңырдан Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға қарсы акция өткізген еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!