2015 жылы қазақстандықтардың баспана мәселесі шешіледі

Фотография - 2015 жылы қазақстандықтардың баспана мәселесі шешіледі

 Алдағы екі жылда елімізде 10 млн. шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. Бұл туралы ҚР премьер-министр Серік Ахметов хабарлады

213 0

 Алдағы екі жылда елімізде 10 млн. шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. Бұл туралы ҚР премьер-министр Серік Ахметов хабарлады.

«Алдағы 2015-2016 жылдары аралығында елімізде 10 млн. шаршы метр тұрғын үй бой көтеретін болады. Әрине, біз бұдан да көп соғуымыз керек. Алайда, ол үшін қолайлы жағдай жасалуы керек. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы мемлекеттің ұйымдастыруымен ғана емес, инвесторларды тарту арқылы да жүзеге асырылуы тиіс. Оның үстіне, бізге «Жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасын дамыту қажет. Себебі, бүкіл әлем осы бағдарламаны негізге ала отырып жұмыс істеуде» деді Серік Ахметов.

Сондай-ақ ол, жергілікті тұрғындардың жеке үй салуына қаржыларының жеткілікті болуын есепке ала отырып, оларға жағдай жасау керектігін тілге тиек етті. Жер телімін беріп қана қоймай, коммуникациалық желілерді жеткізіп беруіміз керек деді Премьер-министр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!