Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің алғашқы семинары өтіп жатыр

Фотография - Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің алғашқы семинары өтіп жатыр

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында бүгін алғаш рет «А» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру семинары басталды

226 0

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында бүгін алғаш рет «А» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру семинары басталды.

Оған орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары мен аппарат басшылары қатысуда. 2 қазанға дейін жалғасатын семинардың мақсаты - көшбасшылық, жобаларды басқару және мемлекеттік органдардағы аудит сияқты модульдердің шеңберінде тыңдаушылардың білімі мен білік-дағдыларын дамыту.

Семинардың ашылуында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов Мұхамедияұлы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов құттықтау сөз сөйледі.

Семинардың бағдарламасы 3 модульді қамтиды: «Көшбасшылық», «Мемлекеттік органдардағы аудит» және «Жобаларды басқару».

Семинардың бірінші күні тыңдаушылардың алдында (ГФР) Шпайер Академиясының докторы Джулия Флейшер баяндама жасады.

Екінші күні «Policy Advisory Group» сарапшылары Джонатан Пауэлл (Ұлыбритания Үкіметі аппаратының бұрынғы жетекшісі), Ричард МакКлелан, Бэн Годвин, Даяна Бэйтлер «Жобаларды басқару» тренингін өткізеді. Осы топтың мамандары Тони Блэрдің кеңесшілер тобы болып табылады, олар бірнеше жыл қатарынан Қазақстанда жұмыс істейді.

Ал қорытынды, үшінші күні Франция ENA-дан (Ұлттық мемлекеттік басқару мектебі) Пьер Жевар мырза көшбасшылық бойынша тиімді басқару дағдыларын дамытуға назар аударту арқылы тренинг жүргізеді, ол бүгінгі күні аса өзекті.

Осы семинарға тартылған барлық сарапшылар тиісті салаларда мойындалған мамандар болып табылады және шет мемлекеттерде әртүрлі жобалармен жұмыс істеуден үлкен тәжірибесі бар - деп хабарлады ҚазАқпарат

Семинар соңында біліктілігін арттыру курстарын бітіру туралы сертификат тапсырылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!