Елбасы Испанияға ҚарЛагта қамауда болған 152 әскери тұтқын туралы құжаттар көшірмесін тапсырады

Фотография - Елбасы Испанияға ҚарЛагта қамауда болған 152 әскери тұтқын туралы құжаттар көшірмесін тапсырады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев испандық тарапқа Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қарағанды Еңбекпен түзеу лагерінде қамауда болған 152 әскери тұтқын туралы құжаттар көшірмесін тапсырады

144 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев испандық тарапқа Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қарағанды Еңбекпен түзеу лагерінде қамауда болған 152 әскери тұтқын туралы құжаттар көшірмесін тапсырады.

Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Қазақстандық тараптың шақыруымен кеше кешкісін Испания Корольдігінің Премьер-Министрі Мариано Рахой ресми сапармен келді. Қазіргі кезде Ақордада шағын және кеңейтілген құрамда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мариано Рахойдың кездесулері өтіп жатыр.

«Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжаттарға қол қою көзделген. Сонымен қатар Қазақстанның Ұлттық мұрағатындағы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ҚарЛагта қамауда болған 152 испандық әскери тұтқын туралы құжаттардың көшірмесін испандық тарапқа ресми түрде беру жоспарланып отыр»,-деді ресми өкіл.

Мұнымен қоса, бүгін Мариано Рахой мен ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің екіжақты ресми кездесулері көзделген. Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Испания арасындағы бірқатар сауда-экономикалық келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!