Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшеліктен үмітті

Фотография - Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшеліктен үмітті

Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-сессиясына дүниежүзінен мыңдаған делегаттар қатысып, қоғамда өткір тұрған түйткілді мәселелерді талқыға салды.

179 0

Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-сессиясына дүниежүзінен мыңдаған делегаттар қатысып, қоғамда өткір тұрған түйткілді мәселелерді талқыға салды.

Жиынға қатысқан еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ядролық қарусыздандыру жөніндегі кездесуде сөз сөйлеп, өзінің шетелдік әріптестерімен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Дәстүрлі жиналыс жылдағы әдетінен таймады. Дүниежүзінен мыңдаған делегаттар ағылып, күн тәртібіне қоғамда өткір тұрған түйткілді мәселелер қойылды. Әрине, бүгінде барша әлемнің назары Сирияда. Сондықтан Сириядағы сіреспе жағдай бірінші болып қаузалды. Бейбітшілікті ту еткен қазақстандық тарап та бұл тақырыпқа белсенді араласты. Биік мінберден сөз алған еліміздің СІМ Ерлан Ыдырысов ядролық қарудың көзін жоюға қатысты мәлімдеме жасады.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Еліміздің бастамасымен қолға алынған жалпыға бірдей ядросыз әлем декларациясын қолдау бүгінгі күнде маңызды болып табылады. Женевадағы қарусыздандыру жөніндегі конференцияның жұмысын жаңартып, жарылғыш материалдарды өндіруге тыйым салу, ядролық және басқа да жаппай қырып-жоятын қарудан азат аймақ құруға бар күш жігерімізді салғанымыз жөн.

Бүгінгі қоғам қауіп-қатерге толы. Сондықтан елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету басты мәселе. Бұл тұрғыда министр саусақ бірікпей, ине ілікпейді деді. Демек, жұдырықтай жұмылып әрекет ету маңызды. Осы ретте Е.Ыдырысов аймақтық ынтымақтастықты дамытуға ерекше тоқталды. Тіпті қазақ жерінде БҰҰ-ның орталығын құру  туралы ұсыныс айтты.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Алматы қазіргі таңда Орталық Азияның қаржы орталығы болып саналады, сондықтан мұнда БҰҰ-ның орталығын құру заман талабы деп ойлаймын. Халықаралық маңызды мәселелердің шешімін тауып, әлеуметтік-экономикалық, мәдени саладағы барлық өзекті жайттардың негізгі бастаушысы болуға лайық.

Бұл сессияда ел Үкіметі қауырт жұмыс атқарды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне үміткер ретінде тіркеліп, делегаттар алдында мүмкіндігін көрсетті, қазақ елін жан-жақты таныстырды. Министр шетелдік әріптестернмен келіссөздер жүргізіп, БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунмен жүзбе-жүз әңгімелесті. Айтпақшы, біз  мүшелікке ұмытылып жатқан қауіпсіздік кеңесі әлемдегі бейбітшілікке жауапты. Кеңестің құрамына еніп, жаһандағы тыныштықты қамтамасыз ету – кез келген ел үшін үлкен мәртебе. Жас болса да бас болып, осы органнан өз орнын иемдену жолында еліміз барын салуда. Себебі, Қазақстан – тұрақтылық мекені. Жинаған беделі мен өзгеге үлгі болар қыры бар, ортаға салар ынтымаққа бастайтын сара жолы бар. Сондықтан бұл орынға таласуға қазақтың да құқы бар.

Авторлар: Жадыра Медетбек, Марат Диханбаев, Жанұзақ Боранбаев.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!