Қазақстан мен Ресей төтенше жағдайларды ғарыштан бірлесіп бақылайды

Фотография - Қазақстан мен Ресей төтенше жағдайларды ғарыштан бірлесіп бақылайды

Бүгін Астанада төтенше жағдайларды ғарыштан бақылау мен болжаудың бірлескен жүйесін құру жөніндегі Қазақстан - Ресей жұмыс тобының екі күндік мәжілісі басталды.

164 0

Бүгін Астанада төтенше жағдайларды ғарыштан бақылау мен болжаудың бірлескен жүйесін құру жөніндегі Қазақстан - Ресей жұмыс тобының екі күндік мәжілісі басталды.

Оған екі елдің төтенше жағдайлар, қорғаныс және ғарыш саласындағы мемлекеттік органдар мен компаниялардың сарапшы мамандары қатысуда. Олар төтенше жағдайларды ғарыштан бақылау мен болжаудың бірлескен жүйесін құру жоспарын орындау барысын жан-жақты қарастыруды көздейді. Аталған құжат үш жылдың ішінде орындалуы шарт. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко атап көрсеткендей, соңғы екі жылдың ішінде біраз жұмыстар атқарылды. «Енді, барлық іс-шараларды іс жүзінде орындау қажет. Мәселен, қазір Қазақстанның территориясын ғарыштан бақылау жерсерігі құрастырылып жатыр. Келесі кезекте біз жердегі инфрақұрылымды барынша дамытуымыз қажет», - дейді В. Божко.

Айта кетейік, төтенше жағдайларды ғарыштан бақылау мен болжаудың бірлескен жүйесін құру жөніндегі Қазақстан - Ресей жұмыс тобы 9 құжатты қарастырып, даярлауды жоспарлап отыр. Соның арқасында қар көшкіні, су тасқыны, өрт және тағы басқа табиғи-техногендік апаттарды ғарыштан түсіріп, шұғыл түрде өзара ақпарат алмасуға болады.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!