Жыл соңына дейін Байқоңырдан 4 Протон ұшырылады

Фотография - Жыл соңына дейін Байқоңырдан 4 Протон ұшырылады

Жыл соңына дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан 4 Протон зымыран тасығышын ұшыру жоспарланып отыр.

263 0

Жыл соңына дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан 4 Протон зымыран тасығышын ұшыру жоспарланып отыр.

«Sirius FM-6 жер серігін тиеген Протон 8 қазанда ұшырылады деп жоспарланған болатын. Алайда, алдыңғы Протонды ұшыру 17 қыркүйектен 30 қыркүйекке ауыстырылғандықтан, Sirius FM-6 жер серігін ұшыру да екі аптаға шегерілді. Ал жыл соңына дейін 4 Протон ұшырылады: қазанда – КА Sirius FM-6, қарашада – КА «Радуга-1М», желтоқсанда – КА Inmarsat 5 F1 және КА «Экспресс-АМ5» - деп хабарлады  baq.kz

Байқоңыр ғарыш айлағының мәліметтеріне сүйенсек, жыл соңына дейін ғарышқа жалпы саны 9 зымыран ұшырылады. 4 Протоннан бөлек тағы 4 зымыран ұшырылады: 7 қарашада - РН "Союз-ФГ" ТПК "Союз ТМА-11М", 26 қараша – РН "Союз-У" ТГК "Прогресс М-21М", 17 желтоқсан – РН "Союз-2.1б" КА "Метеор-М", 23 желтоқсан – РН "Союз-У" КА EgyptSat-2. Желтоқсанда РН "Стрела" КА "Кондор-Э" ұшырылады.

Естеріңізде болса, 2013 жылдың 2 шілдесінде 3 КА «Глонасс-М» тиеген РН «Протон-М» ұшырылғаннан кейін 39 секунд өткенде 2,5 шақырым жерге құлаған болатын.


Тегтер:

протон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!