Қорғаныс министрлігі күзгі әскерге шақыру науқанын бастады

Фотография - Қорғаныс министрлігі күзгі әскерге шақыру науқанын бастады

Қазақстанда 1 қазан айынан бастап жастарды күзгі мерзімді әскерге шақыру басталады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға 10 мыңнан астам адамды шақыру жоспарлануда

172 0

Қазақстанда 1 қазан айынан бастап жастарды күзгі мерзімді әскерге шақыру басталады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға 10 мыңнан астам адамды шақыру жоспарлануда. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Әскерге шақыру Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 509 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2013 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығымен жүзеге асырылады.

Науқан қарсаңында шілде мен қыркүйек айлары кезеңінде мерзімді әскерге шақырылушыларды алдын ала іріктеуге байланысты әскери басқару органдарының мамандары әскерге шақырылатын контингентке тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру әскерге шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен жеке дара сондай-ақ әскерге шақырылушының жұмыс істейтін немесе оқу оқитын орны өкілдерімен әңгімелесу арқылы жүргізілді.

Жеке дара әңгімелесудің барысында жас азаматтың адамгершілік және іскерлік қасиеттері, денсаулық жайы, дене тәрбиесінің дамуы, жалпы білім деңгейі, арнайы дайындығы мен отбасылық жағдайының жалпы картинасы анықталды.

Әскерге шақырылушылардың жеке істерін сапалы тексеру жұмыстарына Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдары, денсаулық сақтау ұйымдары мен облыс жұртшылығын әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері тартылды.

«Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» Заң бойынша мерзімді әскери қызметке он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы кейінге қалдыруға жатпайтын әскерге шақырылудан босатылмаған Қарулы Күштерді жасақтауға қажетті азаматтар шақырылады. Әскери бөлімдерге іріктеу және тарату кезінде әскерге шақырылушының әскерге дейінгі мамандығы есепке алынады.

Мерзімді әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру мерзімі он екі ай.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!